Алматы әкімдігі қалада неге жол-көлік оқиғасы жиілегенін түсіндірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі қалада неге жол-көлік оқиғасы жиілегенін түсіндірді Видеодан алынған кадр

Алматы әкімдігі қалада неге жол-көлік оқиғасы жиілегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі қалада неге жол-көлік оқиғасы жиілегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктердің мәліметінше, 8 ақпанда таңертең сағат 09.00-ден кейін нөлден төмен температура, тұман, аяз және жоғары ылғал салдарынан қала жолдарында көктайғақ пайда болған. 

"Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, таңғы сағат төртке дейін жолдарға көктайғаққа қарсы құм сепкен. Бірақ, таңғы уақытта ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 189 құм шашқыштың көмегімен көшелерге қайта себу жұмыстары жүргізілді.

Жол көлік оқиғасын алдын алу мақсатында алматылықтардан жылдамдықты асырмауды, арақашықтықты сақтауды сұраймыз", - деді Тұрғын үй саясаты басқармасы.

Еске салайық, 8 ақпан күні таңертең Алматының бірнеше көшесінде бірден 10-20 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болған. Атап айтқанда, көліктер Жароков көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында, Әл-Фараби-Сейфуллин көшелерінің қиылысында соқтығысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети