22 сәуір 2016 | 14:33

Алматы әкімдігі қайта құрылымдалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Strategy2050.kz © Strategy2050.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "100 нақты қадам" бағдарламасы бойынша есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "100 нақты қадам" бағдарламасы бойынша есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала басшысы өз орынбасарлары туралы айта отырып, олардың жұмыс тәжірибелерін де тілге тиек етті. "Әкімнің орынбасары Тауфиков Президент протоколының шефі, Әукенов - Болашақ бағдарламасының түлегі, бірнеше ұлттық компанияда қызмет етті. Бұған дейін СҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. Қазіргі уақытта ол өз тәжірибесін Алматы қаласын дамытуға пайдаланып жатыр. Қырықбаев министрлікте жұмыс істеді, қазір Алматы қаласы әкімдігінде білім беру және денсаулық сақтау мәселелерімен айналысады. Жүнісова қаржы жөніндегі орынбасар, Оңтүстік Қазақстан облысында, сонымен қатар Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. Яғни, әкімнің орынбасары қызметіндегілер - өте үлкен тәжірибесі бар мамандар", - деді Байбек.

"Қандай жағдай болмасын, кадрлар ауысуы керек. Кейбірі басқа қызметке ауысуды өзі сұрайды. Қазір басшылық қызметіндегілердің жасына қойылған шектеу 50 жастан 45-ке түсірілді", - деді ол.

Сонымен қатар, Байбек Алматы әкімдігі құрылымын қайда құрылымдалатынын айтты. Мысалы, Жолаушылар транспорты басқармасы мен Автомобиль жолдары басқармасы біріктіріледі. Оның пікірінше, кәсіби аппарат ықшам болуы тиіс. Сонымен қатар, тағы бірнеше басқарма оптимизацияланады.

Децентрализация аясында жұмыссыз қалған кадрлар аудандарға беріледі. Мысалы, өткен жылдың тамыз айынан бері аппарат 11,5 пайызға, ал басшылық құрам 50 пайызға жаңарған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети