12 маусым 2024 14:56

Алматы әкімдігі "Қазақстан" қонақүйі иесінің үстінен сотқа арыз берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/almaty.tourstudio Фото: instagram.com/almaty.tourstudio

Субұрқақты өз бетінше жаңартқаны үшін "Қазақстан" қонақүйі иесінің үстінен сотқа арыз түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Субұрқақты өз бетінше жаңартқаны үшін "Қазақстан" қонақүйі иесінің үстінен сотқа арыз түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, "Қазақстан" қонақүйінің маңындағы субұрқақты қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсатсыз жүргізілген.

"Жұмыс тоқтатылды, Crown Star ЖШС меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде заңбұзушылықтарды жоюға нұсқау беріп, ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылданды. Басқарма ұйғарымды мәжбүрлі орындау үшін сотқа талап арыз береді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мәліметінше, қонақүйдің жанында көрсетілген субұрқақ ескерткіш қатарына жатпайды, алайда ол күзет аймағының аумағында орналасқан.

"Қазақстан" қонақүйінің ғимараты Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы қаулысына сәйкес, Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. Осыған байланысты нысан аумағында қандай да бір құрылыс немесе жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін меншік иесі тиісті ғылыми-жобалау құжаттамасын дайындау және ғылыми-реставрациялау жұмыстар жүргізу керек екенін негіздеу қажет. Алайда бұл орындалмады, ғимараттың иесі басқармаға жүгінбеді", - деп жазылған мәліметте.

Биыл сәуірде Мәдениет басқармасының қызметкерлері шағым түскен нысанды тексеріп, Crown Star ЖШС қонақүй иесінен күзет аймағының аумағында құрылыс жұмыстарын тоқтатуды және заңбұзушылықтарды жоюды талап етті. 24 мамырда Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасына қонақүй иесін жауапкершілікке тарту туралы сұрау жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 465.64   490.7   5.46 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети