26 наурыз 2019 | 09:17

Алматы әкімдігі мен БТА банкі Трамптың бұрынғы серіктесін сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Феликс Сатер. © Видеодан алынған кадр Феликс Сатер. © Видеодан алынған кадр

Алматы әкімдігінің өкілдері мен БТА банкі Дональд Трамптың бұрынғы серіктесі Феликс Сатердің үстінен сотқа арыз түсірді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігінің өкілдері мен БТА банкі Дональд Трамптың бұрынғы серіктесі Феликс Сатердің үстінен сотқа арыз түсірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Нью-Йорктің бизнесмені ретінде танылған Феликс Сатер ауыр қылмыстар жасағаны үшін екі ретті сотты болған және Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпунов сияқты іздеуде жүрген. Сондай-ақ, халықаралық қылмыстық топтардағы сыбайластарымен біріге отырып, Қазақстандағы сотқа арыз берушілердің 440 миллион долларға жуық ақшасын жымқырған", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, бизнесменннің бұрынғы сыбайластарымен жанжалдасып, олардың 40 миллион долларын ұрлап кеткені айтылады. 

Сотқа арыз берушілер оның Храпуновтар отбасымен бұрыннан бері таныс екенін және АҚШ-та ақша жымқырудан тәжірибесі болғанын айтады.

Cонымен қатар, бизнесменнің Храпунов пен Трамп арасында бірнеше рет кездесулер ұйымдастырғаны белгілі болды. Бірақ ол кезде Дональд Трамптың АҚШ президенті болмағаны айтылады. Ол кездесулерде инвестициялар мәселесі талқыланған. Дегенмен, басылымның мәліметінше, Трамп ол кезде ақшаның қылмыстық жолмен табылғанын білмеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети