1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы әкімдігі Момышұлы көшесін жауып тастаған жұмысшыларға қатысты түсінік берді18 мамыр 2017, 17:01

Құрылысшылар жауып тастаған құрылыс нысанының бас мердігері дүйсенбіге дейін қарызды өтейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, "Ақтілек Құрылыс Компаниясы-2016" ЖШС жұмысшылары осы жылдың наурыз және сәуір айларында жалақыларын алмағандықтан жолды жауып тастаған.

"Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасындағылардың айтуынша, "Exclusive Constraction" ЖШС-ның бас мердігері қосалқы мердігерлік ұйымға атқарылған жұмысы үшін 65 миллион теңге жалақы төлемеген. Осыған байланысты  "Ақтілек Құрылыс Компаниясы-2016" ЖШС жұмысшыларына қарыз болып қалған.

Басқарма қызметкерлері нысанға барды, түсініктемелер жүргізіліп, "Exclusive Constraction" ЖШС-тан биыл 22 мамырға дейін қарызын өтейтіні жайлы кепіл хат алынды", - деді Алматы әкімдігіндегілер. 

Еске сала кетейік, осыған дейін құрылысшылардың "Алматы Аренаға" қарама-қарсы жолды жауып тастағаны жайлы хабарланған болатын. 10-ға жуық адам Момышұлы көшесіне шығып, барлық көлік құралы үшін жолды жауып тастаған. Ер адам жүргізушілерден дабыл бермеулерін сұрап, ары қарай өтуге тыйым салған. Ер адамдардың бұл қылығын ешкім түсінбеген.