18 мамыр 2017 12:54

Құрылысшылар "Алматы Аренаға" қарама-қарсы жолды жауып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрылыс компанияларының бірінің қызметкерлері  "Алматы Арена" спорт кешеніне қарама қарсы жатқан жолды жауып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Құрылыс компанияларының бірінің қызметкерлері  "Алматы Арена" спорт кешеніне қарама қарсы жатқан жолды жауып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

10-ға жуық адам Момышұлы көшесіне шығып, барлық көлік құралы үшін жолды жауып тастаған. Ер адам жүргізушілерден дабыл бермеулерін сұрап, ары қарай өтуге тыйым салған. Ер адамдардың бұл қылығын ешкім түсінбеген.

Бірақ Наурызбай ауданының әкімі Бағдат Манзоров осы жағдайға қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, құрылысшыларға соңғы 1,5 ай жалақы берілмеген.

" Екі ай бұрын "Экслюзив строй" компаниясы Момышұлы көшесінде "Алматы Аренаға" қарама-қарсы тұрған жолда тұрғын үй кешенінің құрылыс бастады. Олар "Самұрық Қазынадан" қаражат ала алмаған, сондықтан жұмысшылардың жалақасы кешіктіріліп жатыр. Бірақ ол бүгін кешке дейін осы мәселені шешіп, құрылысшылардың жалақысын беруге уәде берді", - деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, ол наразылық шарасына шамамен 40 адамның шыққанын айтып өтті. Қазіргі уақытта оқиға орнына аудан әкімдігіндегілер кетті. Олар бұл жағдайды реттеп, бақылайтын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети