Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматы әкімдігі ірі өрттен кейін пәтерлерді қалпына келтіруге екі апта уақыт берді

11 Мамыр 2016, 10:30
0

Алматы әкімдігі ірі өрттен кейін пәтерлерді қалпына келтіруге екі апта уақыт берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов хабарлады.

"Бүгін таңнан бері үш мердігер жұмыс істеп жатыр. Кеше қоқысты шығару жұмыстары басталды. Бүгін үйдің сыртқы бетінің жөндеу жұмыстары басталды. Бүгін терезелерді сала бастайды. Пәтерлерден де қоқыс шығарылып жатыр. Біз пәтерлерде екі апта ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтауға тапсырма бердік. Онда бағалаушылар жұмыс істеді. Әр пәтер бойынша шығынды анықтайды", - деп мәлімдеді Естенов. 

Оның мәліметінше, бағалаушылар шығынды "Дастархан" ЖШС-ға береді. "Дүкен жайында, егелері шешеді, біріншіден олар өрт-техникалық сараптамадан өтеді және ненің өртенгенін көрсетеді. Қайта құрылымдау жобасын жасайды. Барлығы өз орнына келтірілгеннен кейін қайта жұмысын бастайды. Бастысы барлық өрт және санитарлық талаптар орындалуы тиіс", - деді ол.

Өрт туралы хабар диспетчер пультіне 10 мамырда 04.37-де түскен. Бірінші бөлімше жеті минут өткенде, 04.44-те жеткен. "Корова бар" кафесінен өрт шығып, жеті қабатты үйдің сыртқы беті мен "Юбилейный" дүкеніне таралған. Өртті сөндіруге тартылған күш жағдай барысында көбейді. Өртті сөндірумен қатар үйдің келесі бетінен адамдарды қауіп төніп тұрған кіреберістерінен шығару жұмыстары жүргізілген. "Өртті сөндіру кезінде газ баллоны жарылды, бұл өртсөндірушілердің басын қатерге байлайтын жағдай. Абырой болғанда, ешкім қаза таппады, ешкім зардап шекпеді", - деп хабарлады Иманқұлов.


© Юрия Беккер.


© Tengrinews.kz


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай