Алматы әкімдігі шенеуніктеріне 161 айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі шенеуніктеріне 161 айыппұл салынды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында заңбұзушылық жасағаны үшін бұрынғы аудан әкімі жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында заңбұзушылық жасағаны үшін бұрынғы аудан әкімі жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында жергілікті атқарушы органдар жіберетін заңбұзушылықтарды анықтады.

"Мысалы, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда сәйкес рұқсаттың (лицензия) болуына қарамастан, тапсырыс беруші (ұйымдастырушы) олардың конкурстық өтінімдерін негізсіз кері қайтарған, егер олар конкурсқа жіберілгенде, 100 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге болатын еді.

Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін бұрынғы аудан әкіміне 9.2 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына 43.3 миллион теңгеге 161 әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Басқа жағдайда, тапсырыс берушілердің бірі конкурс жариялау кезінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді біртекті түрлері мен оларды жеткізу орны бойынша бөлмеген, осылайша ірі кәсіпкерлерге артықшылық бере отырып, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетті өнім берушілерін конкурсқа қатысудан шектеген".

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды және мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің тең шарттары сақталуына сәйкес қайта өткізілді.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап прокурорлардың актілері бойынша 10 миллиард теңгеден астам сомаға конкурстар тоқтатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети