Әкімдік креативті жастармен өзара қарым-қатынас орнатып, Tik Tok House-тарға көмектеседі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жақында құрылған Креативті индустрия басқармасы немен айналысады деген сұраққа жауап беру кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдік креативті жастармен өзара қарым-қатынас орнатып, Tik Tok House-тарға көмектеседі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жақында құрылған Креативті индустрия басқармасы немен айналысады деген сұраққа жауап беру кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала басшысы әкімдікте жаңа ведомство құрылғанын айтты. Ол үш-төрт ай бойы қазынашылық басқармасында тіркеле алмаған. "Ұзақ уақыт пікірталас өткізіп, дәлелдеуге тура келді. Нәтижесінде шешім қабылданды", - деді әкім.
Сағынтаевтың айтуынша, бұл ведомство қаланың 2050 жылға дейінгі стратегиясында сипатталған креативті индустрияның 10 бағытын - сәннен киноға дейін, әдебиеттен анимацияға дейін, балеттен театрға дейін дамытатын болады.
"Біз осы тақырыпты жақсы білетін барлық маманды жинап, бастама жасадық. Хаустар ашылып жатыр. Егер олар Алматының атынан шығатын болса, Алматыны насихаттайды. Сонда оларға қандай қолдау қажет? Қандай орындар қажет? Бұл қандай да бір ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл адамдарды жұмыспен қамту, жаңа бағыт, оның ішінде цифрландыру аясында да. Олар өз шығармашылығымен айналысады және одан ақша табады, бұл өте жақсы.
Сейфуллин даңғылында бұрын тергеу изоляторы болған. Ол жабылды. Мен ІІМ-ге жүгініп, ғимаратты әкімдік балансына беруді өтіндім. Біздің мамандар онда не істеуге болатынын қарайды. Кеңістікті қалай пайдалану керек. Әр ауданда арнайы орындар жасаймыз. Қалада бар мүмкіндіктер сұранысқа ие болуы керек. Осының бәрі біздің қаланы жаңа деңгейге шығарады", - деді қала әкімі.
Айта кетейік, 2020 жылдың қаңтарында Алматыда креативті индустриялар басқармасы құрылатыны хабарлаған болатын. Креативті индустриялар басқармасын құру идеясын депутаттар қолдаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!