Алматы әкімдігі туризм саласына қызмет көрсету үшін Шымбұлақ аумағын қорғалатын табиғи аумақ қатарынан шығаруды сұрады. Осыған қатысты қала әкімшілігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі туризм саласына қызмет көрсету үшін Шымбұлақ аумағын қорғалатын табиғи аумақ қатарынан шығаруды сұрады. Осыған қатысты қала әкімшілігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі премьер-министрдің атына туризмді дамыту үшін "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатырынан шығару туралы хат жолдады.
"Бұл мәселе туризмді дамыту үшін маңызды, өйткені даулы жер телімінде қаланың басты туристік нысандарының бірі - Алматы қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның визит карталарының бірі, елден тыс жерде кеңінен танымал "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты орналасқан. Сонымен қатар, курортта тұрақты түрде беделді халықаралық жарыстар мен іс-шаралар өткізіліп тұрады. Бұл Қазақстанды туризмі мен спорты дамыған ел ретінде көрсетіп имиджін көтереді.
"Шымбұлақ" тау шаңғы курортының жер телімдерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатарынан туризм нысандарына қызмет көрсету және жұмыс істеу үшін қосалқы жерлерге ауыстыру мәселесі Алматы туризмін дамыту үшін маңызды мәселелердің бірі. Тау курортында дамыған инфрақұрылым бар. Соңғы 12 айда курортқа 680 мыңға жуық адам келді", - деді әкімдік өкілі.
Айта кетейік, Шымбұлақ айналасындағы дау біраз уақыттан бері жүріп жатыр. 2020 жылы Іле-Алатау ұлттық паркі әкімдіктен ерекше қорғалатын табиғи аймақ саналатын жерлерді қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді.
Осы уақытқа дейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ұлттық парктің талабы бойынша азаматтық істі қарап жатыр.
Әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі учаске тарихын еске салды. Мәселен, 2002 жылы Президенттің Жарлығы негізінде Алматы облысының Қарасай және Талғар аудандары жерлерінің 3723 гектар бөлігі Алматы қаласының аумағына көшірілді.
"Облыстық жерлер "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ қалаға көшкен сәттен бастап нақты шекараларды анықтау бойынша тиісті жұмыстар уақтылы жүзеге асырылмағандықтан, аумақ Алматы қаласының шегіне елді мекен жері ретінде енгізілді", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.
2007 жылы Алматы әкімдігі "Шымбұлақ" ЖШС-ға қосылған аумақтардан спорт кешенін пайдалану және қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге ауданы 5,995 гектар жер учаскесін берді.
"Тек 2018 жылы (жер қала шекарасына өткеніне 16 жыл өткен соң) ұлттық парк Алматы қаласының аумағындағы өз шекарасын анықтап, жерге орналастыру жобасын әзірлеп, мемлекеттік акт алды. Сонымен қатар, ұлттық паркте жерге орналастыру жобасын дайындау кезінде осы аумақтың бір бөлігін бұрын "Шымбұлақ" ЖШС ұсынғаны ескерілмеген", - деп толықтырды әкімдіктегіле.
Жұртшылықпен байланыс қызметі Алматы әкімдігі "Шымбұлақ" ЖШС-не қосымша жер беру жүзеге асырылмағанын және жүргізілмейтінін хабарлады.
"Ұлттық парк "Шымбұлақ" ЖШС-ға 2007 жылы жер телімін беру құқығын даулап жатыр. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" ҚР Заңының 23-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады", - деп қорытындылады Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметіндегілер.
Еске салайық, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев премьер-министр Асқар Маминге "Шымбұлақ" тау шаңғы курортының жерін ауыстыру қажеттілігі туралы хат жолдағаны хабарланған болатын. Бұл туралы 7 шілдедегі сот отырысында белгілі болды. Хатта әкім премьер-министрден Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы комиссияның қарауына ауыстыру мәселесін қолдауды сұрады.
2020 жылы заңгер Бақытжан Базарбек Шымбұлақтың жер телімдері жекеменшікте екенін мәлімдеді. Адвокаттың айтуынша, аумақтың мұндай мәртебесі базада көрсетілген.
"Шымбұлақ" шипажайы Іле Алатауы ұлттық паркінің аумағында, теңіз деңгейінен 2260 метр биіктікте, Іле Алатауы шатқалында орналасқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!