Алматы әкімдігінің алдына мыңдаған адам жиналды

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда мыңдаған адам әкімдіктің алдына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жиналушылар Маңғыстау облысында қытай кәсіпорнының салынуына қарсы екен. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда мыңдаған адам әкімдіктің алдына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жиналушылар Маңғыстау облысында қытай кәсіпорнының салынуына қарсы екен. 

"Бізге ешқандай қытайлық зауыттар керек емес. Біздің жастарымыз бен ер адамдарымызға жұмыс керек",  - дейді жиынға қатысушы алматылық азамат. 

"Өз экономикамызды өзіміз көтереміз, бізге қытайлық зауыттар керек емес. Олар біздің экологиямызды құртады", - дейді тағы бір тұрғын. 

Жиналған адамдарға Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев шығып, халықты сабырға шақырды. 

"Бұл зауыттар бойынша жұмыстар көптен бері жүргізіліп келе жатыр. Экологияны бұзатын ескі зауыттарды алып келіп, онда қытайлық азаматтар жұмыс істейді деген қауесеттер тарап жүр. Бірақ біздің өз заңымыз бар, ондайға жол бермейміз. Әңгіме жаңа зауыттар жайлы болып тұр. Кейбір зауыттар жұмыс істеп тұр. Бірақ бұл толығымен қытайлық кәсіпорындар емес. Ол біріккен зауыттар. Кәсіпорын иесі қазақстандық бизнесмен, ал инвестиция Қытай мемлекетінен алған, кейде зауытта 50 де 50 пайызбен қазақстандық және қытайлық компаниялар басқаратын кездер болады. (...) Бізге инвестиция қажет. Германиялық, ресейлік және тағы да басқа кәсіпкерлермен бірге зауыт құратын кездер болады", - дейді Тұяқбаев.

Бұған дейін Жаңаөзенде бірнеше адам жұмыс берілсін деген талаппен орталық алаңға шыққан. Бұдан бөлек жергілікті халық қытайлық кәсіпорындардың салынуына қарсы шыққан, бұл туралы олар Whatsapp мессенджері арқылы естіген екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro