Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тұрғындарға есеп беруі барысында 2014 жылға арналған міндеттерді атады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Есімовтің айтуынша, биылғы басты міндеттердің бірі - инфляция деңгейін 6-8% аралығында ұстап тұру. Сонымен бірге, инновациялық-индустриялық салада 10 жаңа өнеркәсіп орнын салу міндеті бар. 2014 жылы шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасауға арналған бағдарлама жасалуы тиіс. Қала басшысы биыл бюджетке салық пен басқа да төлемдерден түсетін қаржы 1,5 триллион теңгеден кем болмауы керек деп жоспарланып отырғанын айтты. Биылға белгіленген міндеттердің тағы бірі - Алматының саябақтар мен жаяулар жолы аймағын дамытудың тұжырымдамасын жасау. 2014 жыл Алматыда білім беру жылы деп жарияланды. Өткен жылы бұл салаға 77,2 млрд теңге бөлінді. Төрт жаңа балабақша мен төрт мектептің құрылысы салынып, 17 мемлекеттік емес балабақша ашылды.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тұрғындарға есеп беруі барысында 2014 жылға арналған міндеттерді атады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Есімовтің айтуынша, биылғы басты міндеттердің бірі - инфляция деңгейін 6-8% аралығында ұстап тұру. Сонымен бірге, инновациялық-индустриялық салада 10 жаңа өнеркәсіп орнын салу міндеті бар. 2014 жылы шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасауға арналған бағдарлама жасалуы тиіс.
Қала басшысы биыл бюджетке салық пен басқа да төлемдерден түсетін қаржы 1,5 триллион теңгеден кем болмауы керек деп жоспарланып отырғанын айтты. Биылға белгіленген міндеттердің тағы бірі - Алматының саябақтар мен жаяулар жолы аймағын дамытудың тұжырымдамасын жасау.
2014 жыл Алматыда білім беру жылы деп жарияланды. Өткен жылы бұл салаға 77,2 млрд теңге бөлінді. Төрт жаңа балабақша мен төрт мектептің құрылысы салынып, 17 мемлекеттік емес балабақша ашылды.