Алматы апорты ресми түрде қазақстандық бренд ретінде тіркелді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы апорты ресми түрде қазақстандық бренд ретінде тіркелді Freepik

Алматы апорты ресми түрде қазақстандық бренд болды. Бұл туралы әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы апорты ресми түрде қазақстандық бренд болды. Бұл туралы әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер Алматы алмасы халықаралық деңгейде қазақстандық бренд ретінде қашан тіркелетінін сұрады.

"Апорт бойынша, Қазақстанға географиялық көрсеткішті тіркедік, апорт – Алматыдан, ол қазақстандық, географиялық тұрғыдан айтсақ, бұл Қазақстанға бекітілгенін қуанышпен айта аламын. Бұл 2023 жылдың 13 қазанында болды. Қазір апортты халықаралық брендке айналдыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Осы мақсатта тиісті бірлестік Франция, Польша сияқты дамыған елдерге отандық алмаларымызды экспорттау үшін материалдар жіберумен айналысып жатыр", - деді министр журналистер сауалына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, Есқараев Қазақстанның қымыз, құрт, көже сынды ұлттық тағамдарын патенттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын баса айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети