Алматы аспанындағы тосын көрініс: тұрғындарға тікұшақтың видеосы түсіндірілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы аспанындағы тосын көрініс: тұрғындарға тікұшақтың видеосы түсіндірілді видео кадры

Алматы тұрғындары "Нұрлы Тау" бизнес орталығы аумағында "өрт" сөндірілген сәттің куәгері болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғындары "Нұрлы Тау" бизнес орталығы аумағында "өрт" сөндірілген сәттің куәгері болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ондаған өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Тағы бір видеода тікұшақтан арқан түскенін көруге болады, сол арқылы ғимараттың төбесінен екі адам көтерілген.

Бұған дейін Алматы ТЖД халықты 17-30 маусым аралығында "Орион" ТК аумағында 1 шілдеге жоспарланған ТЖД ауқымды тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларына дайындық жүретінін хабардар еткен болатын. Бұл жаттығуларға қаланың барлық шұғыл қызмет бөлімшелері, соның ішінде өрт сөндіру есептері қатысады.

"Техниканы ол жерге орналастыру - жоспарлы жаттығудың бір бөлігі. Бұл кезде бөлімшелер техникалық дайындықтан өтеді.Мұндай жаттығулар нақты төтенше жағдай кезінде барлық қызметтің үйлесімді және тиімді жұмыс істеуі үшін өткізіледі. Түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді ТЖД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 475.63   557.14   6.08 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети