ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Алматы аспанындағы тылсым оттар жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, видео өткен жылдың желтоқсан айының ортасында Интернетте пайда болған еді.
ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Алматы аспанындағы тылсым оттар жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, видео өткен жылдың желтоқсан айының ортасында Интернетте пайда болған еді.
Аспандағы оттар жайлы пікір білдіре отырып, ведомство өкілдері сол күні "Байқоңыр" зымыранының ұшуы туралы айтты. Бірақ олар бұл екі жайды бір-бірімен байланыстырмады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі департамент директорының қызметін уақытша атқарушы Жанар Колбачева Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында "Байқоңыр" ғарыш айлағынан орбитаға "Кондор-Э №2" апаратын шығарған РС-18 құрлықаралық баллистикалық зымыранның ұшқанын хабарлады. Зымыран Астана уақытымен 19 желтоқсанда 10.43-те ұшырылды. Бұл Алматы аспанындағы оттардың пайда болуынан сегіз сағат бұрын болды. Зымыран солтүстік бағытта орбитаның 74,9-ға иілуімен және 500 шақырым биіктікте ұшты.
"Видеожазбаға сәйкес, ұшырылу уақыты мен Алматы аспанындағы оттардың пайда болуының арасында 8 сағат бар. Осыған байланысты, қозғалтқыштың коденсациялық ізі немесе РС-18 зымыранының ажырайтын бөлігі бұл оттардың пайда болуына себеп емес", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. Сонымен қатар, бұл кезеңде Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылмағаны белгілі болды. "Әуе кемелері ҚР әуе кеңістігін пайдаланудың тәулік жоспарына сәйкес ұшты", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Интернетте видеожазба 19 желтоқсан күні пайда болған еді. Автордың айтуынша, аспандағы жұмбақ оттарды ол әйелімен бірге Астана уақыты бойынша сағат 19.45-те түсіріп алды. Видеожазбаны жүктеген қолданушы Steve Duddits видеодағы нысандардың батыстан шығысқа қарай қозғалып бара жатқанын мәлімдеді.
Отшашулар бойынша маман Сұлтан Рысбаев видеожазбаға пікір білдіре отырып, оның пиротехника емес екенін мәлімдеді. Себебі, оның айтуынша, аспанда оттар жанып-өшіп тұрды және тым көп уақыт бойы жанып тұрды. Фесенков атындағы қазақ Астрофизика институтының Ай және планеталар физикасы зертханасының меңгерушісі Виктор Тейфель оның ұшатын беймәлім аппарат та емес, метеорит те емес екенін мәлімдеді. "Егер бұл метеор бөлшектері болса, олар бір қалыпта, бірдей жылдамдықпен ұшатын еді. Бұл жерде болып жатқандармен байанысты оптикалық эффект болуы әбден мүмкін. Жалпы, осыған ұқсас хабарламаларда мәліметтер аз болып қалады. Сондықтан оның табиғатын сеніммен түсіндіру оңай емес", - деді ол.