29 мамыр 2023 | 10:27

Алматы әуежайынан қомақты қаржыға туристерді тасыған таксистке қандай жаза қолданылуы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының әуежайынан қала орталығына бару үшін шетелдіктерден ірі көлемде ақша алған "рецидивист такси жүргізушісіне" қандай жаза қолданатынын Tengrinews.kz тілшісі анықтады.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының әуежайынан қала орталығына бару үшін шетелдіктерден ірі көлемде ақша алған "рецидивист такси жүргізушісіне" қандай жаза қолданатынын Tengrinews.kz тілшісі анықтады.

Полицияның мәліметінше, такси жүргізушісі жолаушыны бопсалады деген күдікке ілінген. 27 жастағы жігітке қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл заң бойынша қорқытып алу, бөтеннің мүлкін немесе мүліктік сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау болып саналады. Осының барлығы зорлық-зомбылық көрсету және бөтен адамның мүлкін жою немесе қауіп төндіру санатына кіреді.

Жаза

Қылмыстық кодекстің 194-бабында көзделген әрекеттер 13,8 миллион теңге болатын 4000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Кінәлі сол мөлшерде түзеу жұмыстарына алынады немесе 1000 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Мүлкін тәркіленіп, төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар.

Ал егер бопсалау, күш қолдану арқылы немесе алдын ала адамдармен келісу арқылы бірнеше рет жасалса, онда жаза қатаңырақ болады. Бұл жағдайда құқық бұзушының мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру немесе аса ірі мөлшерде бопсалау дерегі анықталса, бұл үшін мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қылмыстық топ жасаған аса ірі көлемде бопсалау қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заңгерлердің пікірі

Алматылық заңгер Динара Жұбатова такси жүргізушісінің әрекеті дұрыс емес деп санайды. Оның айтуынша, жүргізуші басқа бап бойынша сотқа тартылуы керек.

"Күдіктінің іс- әрекетінде "бопсалау" бабымен сипатталатын заң бұзушылық жоқ деп есептеймін. Шетелдіктер отырғаннан кейін жүргізуші айтқан қаражатқа келісіп, кейінірек алдап жатқанын түсінсе керек, сосын ақша бермейтіндіктерін айтқан. Ал такси жүргізушісі олар келіскен ақшаны төлемейінше заттарын бермейтінін ескерткен", - деді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, тәртіп сақшылары атышулы іске байланысты такси жүргізушісіне осы бапты тағайындаған болуы мүмкін. Соған қарамастан, егер ол бопсалады деп айыпталып сотқа апарса, оны бас бостандығын барынша шектеуі мүмкін.

"Оның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық бар. Соған қарамастан Қылмыстық кодекстің 194-бабына сәйкес, оған ең жоғары бас бостандығын шектеу тағайындалады. Такси жүргізушісінің әрекеті 1-бөліммен сараланатын болады. Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайларды ескереді, оның ішінде:

  • жәбірленушілерге келтірілген зиянды өтеу;
  • ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасау;
  • кінәні мойындау;
  • сотталушының өкінуі;
  • кәмелетке толмаған балаларының болу.
  • Қылмысты жасауға тікелей ниеттің болуы тағайындалатын жазаны ауырлатады.

Жүргізушінің әрекетінде қылмыстың қайталануы байқалады. Сот қоғамдық немесе түзеу жұмыстары түріндегі жаза тағайындауы мүмкін", - деді Динара Жұбатова.

Оның әріптесі Евгений Квашнин де такси жүргізушісін қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз жоқ деп есептейді. Заңгердің айтуынша, бұл жерде әкімшілік жауапкершілік туралы сөз болып отыр.

"Бопсалау қылмысы екі бөліктен тұрады: біріншісі - ақша аударуды талап ету, екіншісі - зорлық-зомбылықпен қорқыту. Бұл жүргізушінің ақшаны қалай талап еткенін білмейміз: "ақшаны беріңіздер" деген шығар. Такси жүргізушісі туристерді ұрамын деп қорқытты ма? жоқ па мен сенбеймін. Иә, бізде ұятсыз такси жүргізушілері бар, бірақ олар бандит емес.. Бұл жерде қылмыстық жаза жеңілдетіу тиіс. Өйткені такси жүргізушісі ақшаны өзі қайтарған", - деді аввокат.

Еске салайық, Алматы әуежайында "кезекті шетелдіктерді бопсалау" кем дегенде екі рет туристерді алдап, сапарлары үшін таңғаларлық қаражатты талап еткен. Такси жүргізушісі Германиядан келген туристі 200 мың теңгеге тасыған. Бір аптадан кейін такси жүргізушісі жазаланды.

Бір айдан кейін Үндістанның төрт азаматы такси жүргізушінің құрбаны болып шықты олар жол ақысы үшін 355 мың теңге төлеуге мәжбүр болды. Қызығы, бір топ турист келесі күні қылмыскерді Алматыдан 300 шақырым жерде - Көлсай көлінде кездестіреді. Такси жүргізушісі шетелдіктерге басқа елдерде де осылай алдайтынын айтып, ақшаны қайтарудан бас тартқан. Алайда кейін БАҚ-та жарияланғаннан кейін полицейлер "рецидивист такси жүргізушісін" тауып алып, туристердің ақшаларын қайтартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети