Алматы әуежайында полицей талабына бағынбаған қыздың видеосы тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында полицей талабына бағынбаған қыздың видеосы тарады видео кадры

Желіде жүргізуші қыздың тоқтамай, полиция қызметкерін көлік капотында сүйреткен видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде жүргізуші қыздың тоқтамай, полиция қызметкерін көлік капотында сүйреткен видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан полицейдің көлікті тоқтатуға тырысқаны, бірақ қыз тоқтамағаны көрінеді. Оқиға Алматы халықаралық әуежайының аумағында болған.

Полиция департаменті мәліметінше, полиция қызметкері жол қозғалысы ережесін бұзған көлікті тоқтатқан. Алайда жүргізуші талапты орындаудан бас тартып, құжаттарын көрсетпей, агрессия танытып, кетіп қалуға әрекеттенген. Инспектор көлікті тоқтатуға тырысқанда, капотқа мініп кеткен. Бұл кезде жүргізуші бірнеше метрге дейін кетіп қалған.

"Осы оқиға бойынша Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды: жүргізуші жол ережесін бұзғаны және полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша, оған 30 АЕК (117 960 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Полиция азаматтарды құқық қорғау органдары қызметкерлеріне құрметпен қарауға және мұндай жағдайларға жол бермеуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети