Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 27 рейс кешіктіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы әуежайы" акционерлік қоғамының анықтама қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 27 рейс кешіктіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы әуежайы" акционерлік қоғамының анықтама қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты "Эйр Астана" әуе компаниясының Қарағандыдан Алматыға келетін рейстері кешігіп жатыр, кешігу уақыты - 13 сағаттан астам, Атыраудан (13 сағат), Павлодардан (үш сағаттан астам), Қызылордадан (бір жарым сағат), Астанадан (төрт сағатқа таяу), Душанбеден (екі сағаттан астам), Ташкенттен (бір жарым сағат), Бангкоктан (екі сағаттан астам), Мәскеуден (алты сағаттан астам), Ақтөбеден (бір сағатқа жуық), Ақтаудан (бір сағаттан астам), Бакудан (екі сағатқа жуық) және Санкт-Петербургтен (үш сағат).
Сонымен бірге, Алматы әуежайында ілінген мәліметке сәйкес, тұманнан SCAT әуе компаниясының Шымкенттен (алты сағаттан астам уақыт кешігу), Ақтаудан (екі сағат шамасында), Өскеменнен (екі сағат), Астанадан (үш сағаттан астам), Семейден (бір сағаттан астам) ұшып келетін рейстері кешігіп жатыр. Мұнымен қатар, Rossiya әуе компаниясының Санкт-Петербургтен (12 сағатқа жуық) келетін рейсі, Turkish Airlines әуе компаниясының Стамбұлдан (төрт сағаттан астам) ұшып келетін рейсі кешігіп жатыр.
Тұман басу себебінен Алматы әуе жайынан "Алматы - Санкт-Петербург", "Алматы - Мәскеу", "Алматы - Астана", "Алматы - Душанбе", "Алматы - Ақтөбе" және "Алматы - Семей" рейстері ұшып кете алмай отыр.