Алматы әуежайындағы адамды кепілге алу оқиғасы: Тоқаев тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайындағы адамды кепілге алу оқиғасы: Тоқаев тапсырма берді видео кадры

Президент Алматы әуежайындағы кепілге алу оқиғасына қатысты батыр азаматты марапаттауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Алматы әуежайындағы кепілге алу оқиғасына қатысты батыр азаматты марапаттауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз жөніндегі кеңесшісі Руслан Желдібай мәлім етті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды", - деп жазды ол телеграм парақшасында.

Еске салсақ, 7 наурыз Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адамның қызметкерге шабуыл жасаған видеосы тарады. Қылмыскер батыл азаматтың көмегімен ұсталды. Видеода қоңыр футболка киген ер адамның пышақ ұстаған қылмыскерді қалай қарусыздандырғаны көрінеді.

Шешуші сәтте ол қаскүнемнің қолынан пышақты жұлып алып, содан кейін құқық қорғау органдары шабуыл жасаған адамды ұстады.Полицияның мәліметінше, батыл ер адам – әуежайға жолаушыны шығарып салуға келген қарапайым жүргінші. Шабуыл жасаған адам – Алматы қаласының 67 жастағы тұрғыны. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети