01 маусым 2024 | 12:19

Алматы әуежайындағы жаңа терминал алғашқы жолаушыларын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы әкімдігі Алматы қаласы әкімдігі

Алматы халықаралық әуежайы жаңа халықаралық жолаушылар терминалында алғашқы жолаушыларын қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы халықаралық әуежайы жаңа халықаралық жолаушылар терминалында алғашқы жолаушыларын қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа халықаралық терминалға келген алғашқы рейс - Air Astana әуекомпаниясының KC664 Лондон-Алматы бағытындағы ұшағы. Сағат 08.40-та 94 жолаушы келді.

Ал 9.30-да жаңа терминалдан алғашқы болып Алматы-Доха бағыты бойынша Air Astana әуекомпаниясының KC653 рейсі 166 жолаушымен ұшып кетті.

Жолаушыларды Алматы халықаралық әуежайының басшылығы, Алматы қаласының әкімдігі және Air Astana әуе компаниясының басшылығы қарсы алды.

"Біздің саяхатымыз 2 жыл бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының құрылысының басталуына орай капсула салуынан басталды. Ал бүгін, 2024 жылғы 1 маусымда, біз уәде еткендей, жаңа терминалда алғашқы рейстерді қарсы алып жатырмыз. Бүгін кесте бойынша жаңа терминалда ұшып келуге 5 және ұшып кетуге 4 рейс жоспарланған. Халықаралық тәжірибеге сәйкес халықаралық рейстерді қазіргі терминалдан жаңа терминалға кезең-кезеңімен көшіреміз. Халықаралық рейстерді толығымен ауыстыру маусымның бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады" - деді Алматы халықаралық әуежайының президенті Альп Ер Тунга Ерсой.

Осы атаулы күні Алматы халықаралық әуежайы алғашқы жолаушыларын тәттілермен және естелік сыйлықтармен қарсы алды.

Жаңа халықаралық терминалды іске қосудың бастапқы мерзімі 2024 жылы жаздың аяғына жоспарланған болатын, бірақ жолаушылар саны өсуіне байланысты және жолаушыларға барынша жайлылық пен қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында барлық жұмыс жеделдетіліп, терминал алғашқы рейстерді 1 маусымнан қабылдай бастаған.

Халықаралық рейстер толығымен жаңа терминалға ауыстырылғаннан кейін қолданыстағы терминал халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетіндей етіп жаңартылып, ішкі рейстер үшін пайдаланылады.

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалына келген алғашқы рейстердің жолаушылары бұл жайт туралы айтты.

"Алматыда тұрамыз, бүгін Дохаға ұшамыз. Балаларымызды оқу жылының аяқталуымен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтауды шештік. Біз жаңа терминалдың алғашқы жолаушылары болдық. Жаңа, салқын, әдемі, таза. Өте жайлы. Орын көп, ыңғайлы. Көп рақмет!" - деді Алматы-Доха рейсінің жолаушысы Евгения Куфельдт.

Алматылық Нұрлан Мырзагүл отбасымен бірге Дохаға бара жатыр.

"Ешқандай кезек жоқ. Дизайн керемет, салқын, шетелдік, еуропалық үлгіде. Бәрі ыңғайлы", - деді ол.

Лондон-Алматы рейсінің жолаушысы Карлос Сантос Алматыға демалыс күндері туыстарымен бірге ұшып келген. Бұл оның Алматыға алғашқы сапары, ал алғашқы әсер ұмытылмастай болды.

"Өте әдемі, жақсы қарсы алды. Естелікке сыйлықтар берді. Мұндай қонақжайлықты күтпедім. Әуежайда мұндайды әлі кездестірген емеспін", - деді турист.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети