27 тамыз 2018 | 12:54

Алматы әуежайындағы ұзын-сонар кезек: Оқиғаның мән-жайы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Куәгер © Куәгер

Алматы әуежайындағы паспорт бақылауында туристер ағымынан үлкен кезек пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайындағы паспорт бақылауында туристер ағымынан үлкен кезек пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қызмет өкілдерінің айтуынша, үлкен кезекке мерзімдік фактор әсер еткен. Жолаушыладан шыдамдылық танытуды сұрады. 

"Барлық 14 кабина жұмыс істеп тұр, ал кезек маусымдыққа байланысты туындады. Яғни, туристік маусым аяқталды, ол тек Алматыда емес, басқа қалалар мен халықаралық әуежайда болып жатқан жағдай. Адамдар бір-бір жарым сағаттап кезекте тұрады. Әуежайда барлық шекарашы бар күшін салып жұмыс істеп жатыр. Ешқандай штаттан тыс оқиғалар жоқ", - деді ҚР ҰҚК шекара қызметі баспасөз қызметінің жетекшісі Қанатбек Солтанов.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, әуе айлағы тұрақты жұмыс істеп тұр, төтенше жағдайлар жоқ.

"Иә, өкінішке қарай, осындай оқиғалар болып тұрады, өзім де куә болғанмын. Әсіресе, борттың ұшуы мен қонуы сәйкес келген кезде. Мұндай жағдайда шекарашылар екі қабатта бірдей жұмыс істейді", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз хатшысы Наталья Соколова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети