Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.40
EUR / KZT - 347.06
CNY / KZT - 45.30
RUB / KZT - 5.50

Алматы аумағынан 500 КамАЗ қар шығарылды

28 Қаңтар 2014, 18:06
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский
Алматыда жолдарды қардан тазалау жұмысы жалғасып жатыр. Бір тәулік ішінде 500 КамАЗ-дан астам қар шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алматы тазалық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына сілтеме жасап.

Кәсіпорын басшысы Эльдар Келдібаевтың мәліметінше, қар жауғалы бері Алматы көшелеріне 650 техника жұмысқа шықты. "Бүгінгі таңда 4400 текше метр қар жиналып шығарылды, көшелерге 6600 тонна инертті материал себілді. Қар тазалауға 900 жұмысшы қатысып жатыр", - деді Келдібаев.

Жұмысшылар түнге қарай қала көшелерін түгел тазалап шыққалы отыр. Келдібаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Алматыда қозғалысы қиындаған көшелер қалған жоқ. "Қазір біз көлікті қаңтаруға тыйым салынған көшелердегі және таулы тұстардағы қарды ғана тазалап жатырмыз, сондықтан қала сыртына қардың көп мөлшері әлі шығарыла қойған жоқ", - дейді "Алматы тазалық" мекемесінің басшысы.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары алдағы тәулікте еліміздің көп бөлігінде тағы да қар жауатынын айтып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай