Алматы ауруханасында АИТВ жұқтыру дерегі: бас дәрігер жұмыстан шеттетілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы ауруханасында АИТВ жұқтыру дерегі: бас дәрігер жұмыстан шеттетілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматыда АИТВ анықталған аурухананың бас дәрігері жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда АИТВ анықталған аурухананың бас дәрігері жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков тергеу нәтижелері бойынша Орталық қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсету алгоритмі сақталғанын, жүйелі бұзушылықтар болмағанын хабарлады. Алайда пациенттерді жұқтыру фактісі адами фактормен, атап айтқанда, орта медициналық персоналдың жекелеген қызметкерлерінің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзуымен байланысты.

"Қазіргі уақытта АИТВ-инфекциясы анықталған барлық үш пациент ЖИТС орталығына диспансерлік есепке қойылды, жеке емдеу схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді, оларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Комиссияның қорытындылары негізінде, сондай-ақ ҚР Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының алты тармақшасы негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Н.Б. Табынбаев жұмыстан шеттетілді", - деді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ анықталғанын хабарлаған едік. Кейін бұл мәселеге қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети