21 шілде 2015 | 13:03

Алматы автобустарында көлік картасы енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлішер Ахметов © Әлішер Ахметов

Алматылықтар қоғамдық көліктерде электронды тәртіппен жол ақысын төлеуге өту аясында транспортты карталарды қолданысқа енгізгеннен кейін қосымша қаражат жұмсамайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылықтар қоғамдық көліктерде электронды тәртіппен жол ақысын төлеуге өту аясында транспортты карталарды қолданысқа енгізгеннен кейін қосымша қаражат жұмсамайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа жүйе аясында транспорттық карталардың төрт типі жасалады - автобуста қолдануға болатын құжаттар: барлық жолаушыларға арналған бірыңғай карта, студенттер мен оқушыларға арналған көлік картасы және әлеуметтік көлік картасы.

Электронды билеттің ақысын өз уақытында төлеп тұруды бақылау үшін "Көлік холдингі" ЖШС арнайы қызмет ұйымдастырады. "Біз қоғамдық көліктердегі қолма-қол ақша төлеу жүйесін толық алып тастауды жоспарлап отырмыз. Төлемақы мен бюджеттегі ақшаны тексеретін бақылау-тексеру қызметін іске қосамыз. Инспекторлар арнайы терминалдың көмегімен дәл сол көлік картасымен көлікке ақы төленгенін тексереді. Көлік картасына ақша салуға болатын құрылғылар қалада түгел орнатылады. Қазір бізде 8 мың агенттік орын бар. Тұтынушылардан комиссия алынбайды. Адамдар карта үшін 320 теңге кепілақы қалдырады", - деді "Көлік холдингі" ЖШС төрағасы Владимир Смирнов.

"Көлік холдингі" ЖШС қызметкері Рифат Әбдіраманов бақылау-тексеру қызметінде 600 адамның екі ауысым бойынша жұмыс істейтінін айтты. Олар жолақысының төленгендігін ғана емес, жүргізушілердің кестесін де тексереді. Қазір Алматыда осы қызметке жауапты 60 инспектор бар. "Электронды билет жүйесіне алдыңғы қатардағы технологияларды пайдалануға болады. Дегенмен тәртіп болуы керек. Әр азамат жолақысын төлеуі керек, қаражат түгел жиналуы керек. Әрбір қызмет ақылы", - деді ол. 

Әр автобусқа орнатылатын аппарат құны 500 мың теңге шамасында болады. Ақша бюджеттен бөлінбейді, жоба қаржыландырылған. Ақшаның орнын толтыру мерзімі - 7 жыл.

Алматы ІІД ӘПБ басшысы Нұрлан Алмасбеков Қазақстанда жолақысын төлемегендерге айыппұл салу енгізілгеннен бері бақылаушылар полицейлерге 350 адамды тапсырғанын, олардың әрқайсысы 2 АЕК, яғни 3964 теңге айыппұл төлейтінін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети