Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматы автобустарында қолма-қол төлем жасауға болады

20 Маусым 2016, 11:43
0
© Айнаш Өндіріс
© Айнаш Өндіріс

Алматы автобустарында қолма-қол төлем жасауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматының қоғамдық көліктерінде қолма-қол ақша төлегісі келетіндерге билет алуға мүмкіндік беретін қосымша құрал-жабдық орнатылады. Алайда болашақта жолақы 120 теңгеге өседі де, ал электронды есептесу қазіргі көлемде қалады екен.

Бүгін Алматыда ертеңнен бастап қала көшелеріне шығатын 35 жаңа автобус таныстырылды. Green Bus компаниясының өкілдерінің айтуынша, бұл автобустарды сатып алуға 1 миллиард 200 миллион теңге жұмсалыпты. Ал Қала күніне орай тағы 100-ден аса автобус сатып алынады, оған 2 миллиард 680 миллион теңге қаражат жұмсалады екен. 

"Оңай жүйесі бойынша түсіп жатқан ақша азайып жатыр. Бақылау жүргізу керек. Сіздер айналысыңыздар, сіздер ғой жүйенің беделін түсіріп жатқан. Біз қолма-қол ақшасыз айналымның болмауы үшін билеттер енгізіп жатырмыз. Бүкіл әлемде билет көпреттік билеттен қымбат, біздің жағдайда карталар. Қазір баламасы болғандықтан, ІІД-мен қосылып, қатаң тексеретін боламыз", - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, осыған дейін қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыдағы жеке инвесторлардың газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алатынын айтқан болатын. Қалада қазір шамамен 1600 автобус жұмыс істейді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай