1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы автобусында жасөспірім қалта ұрысын ұстады 08 желтоқсан 2019, 09:40

Алматыда оқушы автобуспен үйіне қайтып бара жатқанда қалта ұрысын ұстап алды. Бұл оқиғаны Facebook қолданушысы Шынар Жәнібекова парақшасында
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан

Алматыда оқушы автобуспен үйіне қайтып бара жатқанда қалта ұрысын ұстап алды. Бұл оқиғаны Facebook қолданушысы Шынар Жәнібекова парақшасында жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұлым автобуспен мектептен қайтып келе жатқан. Біреу қалтасына қол сұғып жатқанын сезген. Ол тез түсініп, ұрыны ұстап алды, алайда сырт киімі жыртылып қалды", - деп жазған анасы. 

Оның айтуынша, жүргізуші автобусты тоқтатып, жағдайға араласқан. Баланы тыңдап, ұрының қалталарын тексергенде 4 ұялы телефонын тапқан. Кейін жолаушылар заттарын танып, өзіне қайтарған. 

"Достар, сақ болыңыздар және өзіңізге қарап жүріңіздер!" - деп жазған Шынар Жәнібекова.



Join Telegram