Алматыда екі жасар баланы балабақшада ұрған. Оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Қаланың Білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда екі жасар баланы балабақшада ұрған. Оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Қаланың Білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басқарманың хабарлауынша, тәрбиеленушіге қол көтергені үшін үш адам жазаланған. № 96 балабақшасы тәрбиешісінің көмекшісін жұмыстан шығарған. Тәрбиешіге қатаң сөгіс жарияланып, балабақша басшысына тәртіптік жаза тағайындалған.
"27 қыркүйекте Алина Галиева баласы мұрын айналасында жарақат алғандықтан бейнебақылау камерасына жазылған видеоны көрсетуді сұраған. 27.09.19 күні жазылған жазбада сағат 13:57-де тәрбиешінің көмекшісі балаға екі рет келіп, төсенішін жапқан. Баланың аяғынан түртіп, артынша мұрын тұсынан ұрған", - дейді Білім басқармасы.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, балабақшалардағы жалақының төмендігіне байланысты педагог мамандары мен тәрбиеші көмекшілерінің саны аз.
Айта кетейік, бұл № 96 балабақшасында болған үшінші оқиға. Бұған дейін тәрбиеші 5 жасар баланы ұрламақшы болған. Ал қыста бақылау камераларына тәрбиешінің кішкентай қызға жәбір көрсетіп жатқан сәті түсіп қалған.