Алматы балабақшасындағы видео: тәрбиеші балаға қатал қарады деп айыпталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы балабақшасындағы видео: тәрбиеші балаға қатал қарады деп айыпталды видео кадры

Алматыда балабақша тәрбиешісі балаға қатал қарады деп айыпталды. Баланың ата-анасының айтуынша, қызметкер баланы тартып қалып, соның салдарынан ол құлап, маңдайын жарақаттап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда балабақша тәрбиешісі балаға қатал қарады деп айыпталды. Баланың ата-анасының айтуынша, қызметкер баланы тартып қалып, соның салдарынан ол құлап, маңдайын жарақаттап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрларда тәрбиеші мен балалар көрінеді. Балабақша қызметкері бір баланы киіндіріп, кейін екіншісін алады, бала тізерлеп отырып қалады, тәрбиеші оны көтеруге тырысқанда ол қайтадан құлайды. Кейін әйелдің баланы құшақтап көтеріп жатқаны байқалады.

Кадрлар желі қолданушыларының әртүрлі пікірін тудырды. Біреулер тәрбиеші баланы қатты тартып қалып, соның салдарынан ол құлап, орындыққа соғылды деп ойласа, басқалары керісінше, бала өзі құлап, ал әйел оны жұбатты дейді.

Не болса да, кішкентай қыз маңдайынан жарақат алып, оған тігіс салынған. Қазір бұл жағдайды полиция мен Алматы білім басқармасы тексеріп жатыр. Полиция департаменті мәліметінше, бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

"Нақты мән-жайлар анықталып жатыр, одан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", – деп хабарлады ведомство.

Қалалық білім басқармасында ата-аналар 18 тамызда шағымданғаны айтылды. Осыдан кейін №40 ясли-бақшасына аталған мектепке дейінгі ұйымның қызметін бақылау үшін комиссия жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети