Алматы қаласының бас санитария дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешеніндегі оқиғаларға куә болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының бас санитария дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешеніндегі оқиғаларға куә болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сәдуақас Байғабылов үйіне түскі ас ішуге келгенін, бірақ қайтып жұмысына шыға алмағанын айтты.
"Кешен төрт блоктан тұрады. Біз көрші блокта тұрамыз. Мен жұмыстан келгенімде көлік тұрағына кіре алмадым. Не болып жатқанын да түсінбедік. Үйдің екінші жағынан айналып келуге тура келді. Сонда не болғаны белгілі болды. Мен сағат бір кезінде түскі ас ішуге үйге келдім. Осы кезде отбасым үйде болатын. Көлікті алысқа қойып, жаяу келуге тура келді", - деді Байғабылов.
Оның айтуынша, кешенде тұратын тұрғындар не болғанын түсінбеген. "Құқық қорғау органдары тартылып, қозғалыс тоқтатылған кезде ғана адамдар түсіне бастады", - деді ол.
"Күзетшіні күн сайын көреміз. Ол тұрақтардағы барлық күзетші сияқты шлагбаумды ашып тұрады. Бұрын мұндай қақтығыстар мен жанжалдар болған жоқ еді", - деді Байғабылов.
Ол оқ атқан ер адамды бұрын көрмегенін және жеке танмайтынын айтты. Оның айтуынша, бүгінде тұрғын үй кешенінің тұрғындары үйреншікті өмірге қайта оралған. "Ештеңе болмаған сияқты", - деді санитария дәрігерінің орынбасары.
"Тұрғындар құқық қорғау органы қызметкерлерінің нұсқауларын орындады. Адамдар өздерін сабырлы ұстады, дүрбелең болған жоқ", - деді Байғабылов.
9-қабатта тұратын санитария дәрігерінің пәтерінен аула көрінеді. Сондықтан ол болып жатқан жағдайдың бәріне куә болған.
"Атыс дыбысы естіліп тұрды. Пәтерімнің терезесі осы үйге қарап тұр және терезесі көрінеді. Ол айғайламады, тек оқ атылғаны естілді. Кейін әйнектің сынған дыбысы шықты да ол терезеден секіріп кетті. Арасында терезеге жақындап, не болып жатқанын көріп тұрдық", - деді Байғабылов.
Айта кетейік, 24 сәуірде күндіз Бұқар жырау бульварындағы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде ер адам (сол пәтерде тұруы мүмкін) мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқаны хабарланған еді. Желіде оқиғаның видеосы жарияланған болатын. Артынша оқ атқан ер адам терезені сындырып, секіріп кетті.
Кейін күдіктінің пәтерде тығылып жатқаны хабарланған болатын. Қарулы адам келіссөзден бас тартып, баспалдақ аумағына қарай 10-нан аса оқ атқан.
Арнайы операция аяқталғанға дейін ҚР ҚК-ның 293-бабы "Бұзақылық" бойынша іс қозғалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!