26 қыркүйек 2018 | 17:08

Алматы базарларында қант қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматының бірнеше базарында бір айға жетпейтін уақыт ішінде қант келісінің бағасы 250 теңгеден 280-ге көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының бірнеше базарында бір айға жетпейтін уақыт ішінде қант келісінің бағасы 250 теңгеден 280-ге көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қыркүйекте "Сарыарқа" базарында қанттың әр келісі 280 теңгеден сатылды. Баға екі аптаның ішінде өзгерген.

"Қант қымбаттады, кей жерлерде 300 теңгеден сатылып жатыр. Тіпті базардың өзінде қымбат. Қант қымбаттағаннан оны ешкім аз алмайды. Бұрынғыдай 5 келіден аламын", - деді алматылық Бақжамал Адамбалинова.

"250 болған, 280-ге көтерілді. Мен бір айда 3,5 келі қант аламын", - деді тағы бір тұрғын Лилия Григорьевна.

Сатушылар қанттың қай кезден бастап және қаншаға қымбаттағанын айтып берді.

"Бізде қант 280 теңге. Біз оны 250-ден сатып аламыз. Екі апта бұрын 220-230 теңгеден сатып алған болатынбыз", - деді сатушы.

"Көтермелеп сататын базарда қант бірден қымбаттады. 220-дан бірден 250-ке көтерілді. Сол үшін біз 250-255 теңгеге сатып алып, 280 теңгеге сатамыз. 20-30 теңге айырманы ұстап тұрамыз. Егер базарда арзандаса біз де бағаны түсіреміз", - деді сатушы Қайрат Садинов.

Ал базардағылардың айтуынша, олар қантты жеткізушілерден 240-250 теңгеден сатып алады, сондықтан 250-255 теңгеге сатады. Алайда баға еш жерде көрсетілмеген. 

Айта кетейік, бұған дейін бизнесмендер Қазақстанда қанттың жеткіліксіз екенін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети