01 мамыр 2020 | 14:42

Алматы бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша антирекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Әлихан Сариев Фото © Әлихан Сариев

Алматы бір тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі бойынша антирекорд орнатты: 30 сәуір мен 1 мамыр арасында қалада 196 адамнан COVID-19 табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы бір тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі бойынша антирекорд орнатты: 30 сәуір мен 1 мамыр арасында қалада 196 адамнан COVID-19 табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Coronavirus2020.kz порталының мәліметі бойынша, Алматыда 1 мамырда 89 адамнан вирус анықталған. 

30 сәуірде сағат 13:20-дан бастап 107 адамның коронавирус сынамасы оң нәтиже көрсеткен. 

Одан бөлек, 30 сәуірде 9:40-та жеті адамнан COVID-19 табылғаны хабарланған. Біз оларды бұл тізімге қоспадық.

Айта кетейік, Алматы коронавирус жұқтыру дерегі бойынша Қазақстанда бірінші орында тұр - аймақта 1140 адамнан вирус табылған. 

Одан бөлек, мегаполисте 117 науқас жазылып, сегіз адам қайтыс болған. Коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша да Алматы көш бастап тұр.  

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3551-ге жетті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети