ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 мамыр 2026 14:40
Алматы-Бішкек тасжолында жоғалып кеткен ер адам үш айдан кейін өлі табылды
Алматы облысының Жамбыл ауданында биыл ақпанның басында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz ұйымының еріктілері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1987 жылы туған Өтеубаев Шыңғыс Иосифұлы 2026 жылғы 4 ақпанда жоғалып кеткен. Ол таңертең Жамбыл ауданы, Алматы - Бішкек тасжолының 60-шақырымындағы тұраққа заттарын қалдырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Еріктілердің мәліметінше, 12 мамырда жол құрылысшылары адам аяғы баспайтын жерден ер адамның мәйітін тапқан. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу