Алматы полицейлері қолданылған автобөлшектерді сатып алатындарды авторбазарларда ұрланған заттарды сататын қылмыстық бизнеспен күресуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полицейлері қолданылған автобөлшектерді сатып алатындарды авторбазарларда ұрланған заттарды сататын қылмыстық бизнеспен күресуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, көліктерден заттардың ұрлану деректері автобөлшектерге деген сұраныстың болуымен байланысты.
"Сіз сатып алушы ретінде өз көлігіңізге айна алмақшы болсаңыз, сатушыдан құжаттарын сұраңыз. Сатушы ол тауарды өзі жеткізген болса, онда құжаттар, тауардың жеткізілу актісі және тағы басқа құжаттар болуы тиіс. Әдетте дистрибьюторлер мен дилерлерде құжаттар болады", - дейді Әзірбек.
Сондай-ақ, ол полицейлердің дүкендерге баса-көктеп кіріп, тексеріс жүргізе алмайтындарын айтып өтті.
"Жалпы біз көбіне көзбен шолып өтеміз. Сатушылардың өздері оның ұрланған тауар екенін мойындай бермейтінін түсінеміз. Сондықтан да ұрланған заттарды мен ұрлаған адамды анықтауға бағытталған шаралар криминалдық полицияның көмегімен жүргізіледі. Қандай да бір адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту алдында бірнеше арнайы жедел іс-шаралар жүргізіліп, дәйектер базасы жиналады. Сонда ғана адамды ұстай аламыз", - деп түсіндірді Салтанат Әзірбек.
Оның айтуынша, Алматыда 25 шілдеден бастап "Құқықтық тәртіп" атты жедел-алдын алу шарасы басталды. Соңғы тәулікте қалада 151 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.