Алматы дәрігерлері әйелден 10 келі ісікті алып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы дәрігерлері әйелден 10 келі ісікті алып тастады © elements.envato.com

Алматыда дәрігерлер әйелден салмағы 10 келіден асатын алып ісікті алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда дәрігерлер әйелден салмағы 10 келіден асатын алып ісікті алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

56 жастағы науқас әйел орталық клиникалық ауруханаға ауыр жағдайда келіп түскен. Оған ота жасалды.

Жатыр ісігі жүктіліктің 40-аптасына сәйкес келді. Ісіктің көлемі ұлғайғаны соншалықты, науқастың тыныс алуы қиындаған. Ісіктің салмағы 10 келіден жоғары. Сонымен қатар, әйел тахикардия, қант диабеті, қан қысымының төмендігі және басқа да созылмалы аурулардан зардап шегіп келген.

Әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер ақылдаса келіп, ота жасау туралы шешім қабылданды.

"Бұл ота жатыр мойынын алып тастау үшін жасалды. Барлық ісіктің қалдықтары алынып тасталды. Ота екі сағатқа созылды және сәтті өтті. Қазір науқас өзін жақсы сезінеді, жағдайы тұрақты. Жақын арада шығаратын боламыз", - дейді гинеколог дәрігер Алиса Байназарова.

Науқас қазір орталық қалалық клиникалық аурухананың гинекология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

"20 жыл бұрын ісік пайда болды, басында кішкентай болды, кейін бұл түйіршік өсе бастады. Мен жүрегімді тексертуге барсам, олар маған жатырды тексеру керектігін айтқан болатын. Бірақ ол кезде мен мән бермедім. 2021 жылы мен коронавирус инфекциясымен ауруханаға түстім. Дәрігерлер мені толық тексерістен өткізіп, УДЗ-ге түсірді. Олар шығарылғаннан кейін мамандарға хабарласу керегін ескерткен. Бірақ мен мән бермедім. Жылдар жылжып, әдеттегідей үй шаруасымен уақыттар өте берді", - дейді әйел.

Гинеколог Алиса Байназарованың сөзінше, қазіргі уақытта жатыр ісігі кең тараған дертке айналған. Дәрігер әйел адамдар ауыр дертке шалдықпас үшін гинеколог мамандарына жиі көрініп тұруы керегін айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети