Алматы дәрігерлері қазақстандықтарға арнап би биледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы өкілдігінің қызметкерлері #JerusalemaDanceChallenge халықаралық би челленджіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы өкілдігінің қызметкерлері #JerusalemaDanceChallenge халықаралық би челленджіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы қызметкерлері коронавирус пандемиясы кезінде халықты қолдау және жалпы рухты көтеру үшін әлемдік челлендж аясында би биледі.

"Биді үміт пен сенім нышаны деп атайды. Ынтымақтастық белгісі ретінде бүкіл әлемдегі челленджге медицина қызметкерлері, полиция, өртсөндірушілер, авиакомпания қызметкерлері мен студенттер қосылып жатыр. Әлем пандемияға қарсы күресті жалғастыра отырып, бұл би қиын уақытта халықты қолдап, рухын көтеруге тамаша мүмкіндік болды. Өмірден ләззат алуды жалғастыру керек және бәрі жақсы болатынына сену керек. Осы видео арқылы медицина және авиация саласындағы барлық әріптесімізге сәлем жолдаймыз!" - дейді ұйымдастырушылар.

Jerusalema Dance Challenge флешмобы 2020 жылы пандемия кезінде пайда болған. Оның мақсаты - Covid-19-дың таралуына байланысты зардап шеккендерді қолдау және адамдарды бірлікке және бір-біріне көмектесуге шақыру.

Челленджге бүкіл әлем бойынша түрлі компания, мекеме қызметкерлері қосылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети