Алматы ХҚКО-ларында мүгедектерден, жетімдерден және көпбалалы аналардан заңсыз ақша алынған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы ХҚКО-ларында мүгедектерден, жетімдерден және көпбалалы аналардан заңсыз ақша алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы ХҚКО-ларында мүгедектерден, жетімдерден және көпбалалы аналардан заңсыз ақша алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органының қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарынан құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж алу заңына талдау жүргізді.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексінің 622-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi берілген кезінде адамдардың белгілі бір санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Олардың қатарына:

  • ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген адамдар;
  • мүгедектер;
  • қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;
  • балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар жатады", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Қадағалау органы ХҚКО-да әлеуметтік осал санаттағы 400-ден астам тұлғадан 22 мың теңгеге дейін мемлекеттік баж негізсіз алынғанын анықтады.

"Алмалы ауданының прокуратурасы "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді. Оны қарау қорытындысы бойынша ақшаны қайтару бойынша шаралар қабылдануда, КЕАҚ басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы прокуратурасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro