Алматы ипподромының тағдыры не болады? Досаев жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы ипподромының тағдыры не болады? Досаев жауап берді Фото:depositphotos.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы ипподромының тағдырына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы ипподромының тағдырына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында ат спортының жаттықтырушысы Алматы ипподромын ретке келтіруді сұрады. Ол қазақстандық спортшылар, әсіресе көкпаршылар, қала сыртында жаттығуға мәжбүр екенін атап өтті.

Әкім бұл мәселемен белсенді түрде айналысып жатқанын және өткен жылдың жазынан бері белгілі бір ілгерілеу бар екенін айтты.

"Біз меншік иелерімен келіссөздер жүргізе бастадық, олардан ипподромды дамыту бойынша дұрыс бағдарлама әзірлеуді сұрадық. Қазір соны күтіп отырмыз. Егер жекеменшік болса, дамыту қажет екенін айттық. Көпшілік айтып жүргендей, бұл жердің нысаналы мақсаты өзгерген жоқ, яғни көпқабатты тұрғын үй салу жоспарда жоқ. Өкінішке қарай, қазіргі меншік иелерінің қаржылық мүмкіндіктері толыққанды реконструкция жасауға жеткіліксіз деп күдіктенемін. Осы келісімге сәйкес, оларға наурыздың аяғына дейін уақыт берілді, содан кейін не істеу керектігін ойлаймыз. Бұл жер телімінің нарықтық бағасы бар, жаңа инвестор табамыз немесе қала өзі қандай қадамдар жасайтынын шешеді. Әрине, бұл арзанға түспейді. Бірақ, екінші жағынан, біздің спортшылардың облыста жаттығуға мәжбүр болуы – жағымсыз жағдай", – деді Ерболат Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети