Алматы жаңа жұмыс кестесіне көше ме? Әкімдік жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Алматы әкімдігі қаладағы көлік кептелісі мәселесін шешу үшін жұмыс кестесі өзгере ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі қаладағы көлік кептелісі мәселесін шешу үшін жұмыс кестесі өзгере ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда көлік ағыны шамадан тыс екенін ескерсек, жұмыс күнінің басталу уақытын ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма? Егер қарастырылса, қандай ұйымдарға және қай уақытқа?" – деп Tengrinews.kz тілшісі ресми сауал жолдаған еді.

Әкімдіктің баспасөз қызметі мынадай жауап берді:

"Қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне, оның ішінде жұмыс уақытының басталуына өзгерістер енгізу әзірге қарастырылып жатқан жоқ", – делінген хабарламада.

Ал қарбалас уақыттардағы кептеліс мәселесін шешу жолдарына қатысты әкімдік мынадай ақпарат ұсынды:

"Алматы агломерациясын 2024-2028 жылдар аралығында дамыту жөніндегі кешенді жоспар Үкімет тарапынан бекітілді. Бұл құжат Алматы мен оған іргелес аудандардағы әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын үйлестіру мен теңгерімді дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі көлік кептелістерін азайтуға бағытталған кешенді стратегияны жүзеге асырып жатыр. Оған қоғамдық көлікті дамыту, қалалық инфрақұрылымды жақсарту және жеке автокөліктерді пайдалануды азайтуға ынталандыру шаралары кіреді", – деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жұмыс күнінің басталу уақыты өзгертілген болатын. Астанада бұл жүйе 2024 жылдың тамызынан бастап енгізіледі деп жоспарланып отыр.

16 маусымнан бастап Алматы облысындағы мемлекеттік органдар жаңа жұмыс кестесіне көшті. Енді жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer