Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні қаупі бар

21 Қаңтар 2015, 11:15
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аймақтарында қар көшкінінің жүру қаупі бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК ескертуіне қарағанда, аталған өңірлердің таулы аймақтарында қардың шамадан тыс түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. "Осыған байланысты қаламыздың тұрғындарынан, қонақтары мен туристерінен таулы аймақтарға сапар шекпеуді және төтенше жағдайларды болдырмау үшін қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Қар көшкіні қаупін туғызатын қар басқан биік шатқалдарға шығуға тыйым салынады", - делінген департаменттің баспасөз парағында. 

Айта кетейік, Алматы аумағында 21 қаңтар күні жергілікті уақыт 00.10-ден бастап, сағат 05.00-ге дейін қар толассыз жауды. Алматы әкімдігінің мәліметінше, қаланың орталық бөліктерінде қардың биіктігі 10 сантиметрге, таулы аудандарда 20 сантиметрге, Шымбұлақ ауданында 30 сантиметрге жетті. Коммуналдық қызметтер қала көшелеріне 3100 тоннаға жуық құм-хлоридті қоспа төкті. Қар тазарту жұмыстары дер кезінде қолға алынғанымен, 21 қаңтар күні таңертең қала көшелерінде қардың салдарынан ұзаққа созылған кептеліс қалыптасып, қозғалыс қиындады. 
 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай