Алматы-Жаркент тасжолында асфальт қопарылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы-Жаркент тасжолында асфальттың қопарылып жатқаны видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы-Жаркент тасжолында асфальттың қопарылып жатқаны видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жолдың бір бөлігінде асфальт қопарылып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Бейнежазба авторы: "Олар ақшаны не үшін алып жатыр?" деген сұрақты қойып, ашуын білдірді.

"Міне, біздің Алматы-Жаркент тасжолы. Не болып жатқанын қараңыз! Жігіттер мұны байқамағанда қаншама көлік апаты болар еді? Біздің жолшылар қайда, бізден ақша алатын "ҚазАвтоЖол" қайда?", - деп ашуланды видео авторы.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі жол толықтай жөнделіп, қауіпсіз жол жүру қамтамасыз етілген деп сендірді.

"8 маусымда шамамен сағат 20:25-те оңтүстік бағытта 190-шақырымда жолдың цемент-бетон жабынының қопарылғаны байқалды. Жол жұмысшылары жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жолда қауіпсіз жүру қамтамасыз етілді", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course down  574.22  course down  6.3  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети