25 мамыр 2017 | 14:41

Алматы жастарына үй сатып алуы үшін жеңілдетілген несие беріле бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Жастарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудің Жол картасы" жасалды. Бұл карта негізгі бес бағытының бірі жастарды тұрғын үймен қамту, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Жастарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудің Жол картасы" жасалды. Бұл карта негізгі бес бағытының бірі жастарды тұрғын үймен қамту, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол картасы аясында Қазақстанның "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен" бірге жастардың үй сатып алуы үшін жеңілдетілген несие берудің мүмкіндіктері қарастырылып жатыр екен. Заемнің жылдық мөлшері 5 пайыз болады. Жас отбасыларға арнап жатақхана салу үшін 3,7 миллиард теңге бөлінген. Кәсіпкерлер субьектілеріне несие бөлу механизмдері арқылы 320 отбасын немесе 16 000 адамды тұрғын үймен қамту жоспарланған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жастарды 2020 жылға дейін қолдаудың Жол картасы негізгі бес бағыттан тұрады, олар - сапалы білім, жұмыспен қамту, мәдени демалыс және салауатты өмір салты, тұрғын үй және жас отбасыларды қолдау, белсенді жастар қаласы.

Сондай-ақ, жол картасында жастарды жұмыспен қамтуға айрықша назар аударылған. Жастар практикасына қатысушылар қатары жыл сайын 500 ден 2000 адамға артатын болады. Биыл түлектерді жастар практикасына жіберу үшін қосымша 500 миллион теңге бөлінген.

Биыл алғаш рет жұмыссыз және өздігімен еңбек етіп жүргендерге микронесие беру үшін 1 миллиард теңге бөлініпті. "Олардың әрқайсысы өзінің бизнес-жобасын іске асыру үшін 18 миллион теңгеге дейін микронесие ала алады. Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 мыңнан астам жұмыссыз жастар қысқа мерзімді курстарға қатысып, мамандық алып шығады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматыда бүгінгі күні 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта 700 мыңнан астам жас бар, олардың 435 мыңы - экономикалық белсенді жастар. Тек соңғы 5 жыл ішінде жастардың үлесі 10 пайызға артты. Жасалған болжам бойынша, Алматыда 2020 жылы экономикалық белсенді жастар қатары 500 мыңнан астам адамға артады деп күтіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети