1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы жолдарында 1500-ден аса жаңа видеокамера орнатылады 30 наурыз 2015, 17:29

Қазіргі уақытта калада 10 мың видеокамера орнатылған. Олар көшелер мен үй аулаларында жолдың қауіпсіздігін сақтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©Addontechno.com ©Addontechno.com

Алматы жолдарында 1500-ден аса жаңа видеокамера орнатылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз-хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады. Алматы жолдарына видеотіркеу құрылғылары "Жол қозғалысы қауіпсіздігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі" аясында қойылады.

Әзірше, Салтанат Әзірбектің айтуынша, жаңа камералардың нақты саны белгісіз. Десе де, мәселе жолдардағы 100-150 жаңа бекет туралы болып отыр, олардың әрқайсысында 15-16-дан видеокамера орнатылады. Орнатылу мерзімі де әзірше нақтыланбай отыр. Бірақ, Салтанат Әзірбектің айтуынша, видеокамералар осы жылы пайда болуы мүмкін. 

ІІД мәліметінше, қазіргі уақытта калада 10 мың видеокамера орнатылған. "Бұл - қалада орнатылған камералардың жалпы саны. Олар көшелер мен үй аулаларында жолдың қауіпсіздігін сақтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді", - деді Әзірбек.



Join Telegram