Алматыдағы Серкебаев даңғылында жол жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа жол белгісі пайда болды. Тасжол жиегінде сары үзік сызықты байқауға болады. Көлік жүргізушілерінде бұл белгі нені білдіретіні туралы сұрақтар туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Сары үзік сызық нені білдіреді?
Мұндай белгі жол қозғалысы ережелерінде баяғыдан бар, тек Алматыда оны қолданбай келген.
Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес:
- тұтас сары сызық - мұнда мүлде тоқтауға болмайды;
- сары үзік сызық - тұраққа қоюға тыйым салынады, бірақ қысқа мерзімге тоқтауға (жолаушыны отырғызу немесе түсіруге, заттарды түсіруге) рұқсат етіледі.
Яғни, көлікті ұзақ уақытқа қоюға болмайды, бірақ қысқа уақытқа тоқтауға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!