02 қазан 2020 16:29

Алматы жүргізушілері жөндеу жұмыстарына байланысты ыңғайсыз жағдайға тап болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы жүргізушілері жөндеу жұмыстарына байланысты ыңғайсыз жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы жүргізушілері жөндеу жұмыстарына байланысты ыңғайсыз жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram-да пайда болды.

"Біздің әкімдік өз репертуарында", - деп жазылған видео сипаттамасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

Кадрларда автотұрақ көрінеді. Жолың бір жағында құрылыс жүріп жатыр, ал екінші жағы жабылған.

"Таңертең Арбат жаққа жұмысқа келесің, көлігіңді жолда жүру ережесінің барлық талабына сәйкес қоясың, тұраққа төлейсің, ал кешке шықсаң... Мұнда ешқандай шығатын жол жоқ", - дейді кадр сыртындағы ер адам.

Алматы қалалық энергия тиімділігі басқармасы өкілдері тұрғынның өтінішіне жауап берілді.

"EIS Corporation" ЖШС Алматыны үздіксіз электрмен жабдықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жобада трансформаторлық қосалқы станцияларды қосу бойынша кабельдік желілерді төсеу үшін жол арқылы өткелдер бар. Осыған байланысты 1 қазанда Әлімжанов көшесі мен Панфилов көшесінің қиылысында Болат қаптаманы төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы көшеде траншеяны қазу кезінде жобалық белгіден жоғары орналасқан қолданыстағы қуат кабелі зақымдалды, төтенше жағдайдың алдын алу үшін біз қалпына келтіру жұмыстарын жүргіздік, осыған байланысты учаскеде үлкен кідіріс болды.

Сондай-ақ, асфальт дайындау және төсеу жұмыстары 3-4 қазанда жүргізілетінін хабарлаймыз", - деді ведомство өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети