19 қыркүйек 2015 | 20:09

Алматы Қала құрылысы кеңесі McDonald's салуды мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бүгін Алматы Қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында мегаполисті дамыту мәселелері талқыланды. Отырыс барысында бес нысанның құрылысы қолдау тапты, оның ішінде үш тұрғын үй кешені, әкімшілік ғимарат пен мейрамхана бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Алматы Қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында мегаполисті дамыту мәселелері талқыланды. Отырыс барысында бес нысанның құрылысы қолдау тапты, оның ішінде үш тұрғын үй кешені, әкімшілік ғимарат пен мейрамхана бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қаладағы алғашқы "Макдоналдс" мейрамханасының құрылысына рұқсат берілді. Мейрамхана ғимараты "Алатау" кинотеатрының орнына салынады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, McDonald's мейрамханаларының Қазақстанда ашылатыны жайлы 2014 жылдың қарашасында белгілі болған еді. Оның қазақстандық франчайзиі Қайрат Боранбаев болады делінген болатын. Бүгінге дейін фастфудтардың қайда ораналасатыны белгілі болмай келді.  

Сонымен қатар, қалада McDonald's мейрамханасының екі жерде болатыны анықталды - "Мамыр" ықшам ауданы және Сәтбаев атындағы техникалық университетке қарама-қарсы орында. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдың көктемінде басталуы мүмкін.

McDonald's - әлемнің қоғамдық тамақтандыру саласындағы жетекші бренді, дүниежүзі бойынша 35 мың кәсіпорны жұмыс істейді. 100-ден астам елдегі бұл кәсіпорындарға күн сайын 70 миллион адам қонақ болады. Компания өкілдерінің айтуынша, McDonald's-тің 80 пайыздан астам кәсіпорындары франчайзилердің иелігінде.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети