Алматы қалалық емханасының бас бухгалтерлері сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық емханасының бас бухгалтерлері сотталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаева сотталды.

Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети