10 тамыз 2023 | 11:51

Алматы қаласы "КҚК" басшысы мемлекеттік пәтерлерді туыстарына төмен бағада сатқаны үшін сотталды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

"Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны" (КҚК) директоры Руджан Байтасов мемлекеттік пәтерлерді туыстары мен жақындарына төмен бағамен сатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны" (КҚК) директоры Руджан Байтасов мемлекеттік пәтерлерді туыстары мен жақындарына төмен бағамен сатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының іс материалдарына сәйкес, жалпы Байтасов мемлекеттік меншіктегі 23 пәтерді арзан бағаға сатты деп айыпталған. Пәтерлердің жалпы нарықтық құны 754 997 963 теңге болған, олар төмендетілген бағамен сатылған – барлығы 366 953 430 теңге.

Мемлекетке келтірілген залал 388 миллион теңге болды.

"Байтасовтың заңсыз әрекетінен жалпы құны 754 997 963 теңге болатын "Күрделі құрылыс кәсіпорны" ЖШС балансындағы 23 пәтер жалпы сомасы 366 953 430 теңгеге төмен бағаға сатылған. Осылайша, Байтасовтың қылмыстық әрекеттері 388 044 127 теңге сомасында аса ірі залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соқтырды", - делінген үкімде.

15 маусымда аудандық сот Байтасовты қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және мемлекеттік секторда лауазымды қызметтер атқару құқығынан айырылды.

"Байтасов Руджан Қайдарұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мемлекеттік қызметке, судьяларға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық Банкте және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік сектор субъектілерімен азаматтық қызметте лауазымды қызметтер атқаруға өмір бойына тыйым салынсын", - делінген үкімде.

Алайда айыпталушы апелляциялық шағым түсірген. Іс Алматы қалалық сотына жіберілді. Жаңа сот отырысы 15 тамызға белгіленді.

Еске салайық, Руджан Байтасов 2020 жылы желтоқсанда мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлердегі құбырларға қатысты жанжалдан кейін PKS Almaty директоры қызметіне тағайындалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети