Алматы қаласы Орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері Алмаз Жувашев қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Алматы әлеуметтік денсаулық басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері Алмаз Жувашев қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Алматы әлеуметтік денсаулық басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Алматы қаласы Орталық клиникалық аурухананың 147 медициналық қызметкері коронавирус жұқтырған, оның 110-ы соңғы бір тәулікте табылған болатын. Қазір ауруханаға карантин жарияланған. Аурухана қызметкерлері "Көктем" шипажайында карантинде жатыр.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова ауруханада вирус жұқтыру ошағын айтқан. Оның сөзінше, бұл - наурыздың соңында МРТ-дан өткен науқас. Кейін ол сол бөлімнің дәрігері мен медбикемен байланыста болған.
Айзат Молдағасымова дәрігерлердің вирус жұқтыруына олардың сақтық шараларын қолданбағаны себеп болуы мүмкін екенін айтқан еді.
Бұған жауап ретінде Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолданған хат жарияланған, онда Президенттен Алматы қаласы Орталық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлер жағдайына көңіл аударуды сұраған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!