Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан жолы - 2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты жолдауына сәйкес, Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтарының бірі Алматы болады. Мұндай қалалар сапалы медицина және өзге қызметтерді көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан жолы - 2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты жолдауына сәйкес, Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтарының бірі Алматы болады. Мұндай қалалар сапалы медицина және өзге қызметтерді көрсетеді.
Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен Денсаулық сақтау басқармасы бірлесе отырып алыс орналасқан мекендерде медициналық қызмет көрсету науқанын бастады. Бұл шара 21 қаңтарда Медеу ауданында орналасқан Сұлусай кентінде өтті.
"Шалғайда орналасқан мекенде өмір сүретін халық үшін көкейтесті мәселенің бірі - медицина мекемелерінің қаланың орталық бөлігінде орналасуына байланысты қатынау қиындығы", - деді Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры А. Ысқақов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, шара мақсаты - кент қалқына сапалы мамандандырылған медициналық қызмет көрсету. Денсаулық сақтау басқармасының жауапты тұлғасының басқаруымен білікті және тәжірибелі дәрігерлер қатарынан топ құрылды.
"Шара нәтижесі бойынша аталған мекеннің 163 тұрғыны медициналық қаралудан өтіп (оның ішінде 48 мектеп оқушылары), 61 адамға флюрографиялық түсірілім жасалды, 47 адамға УЗИ, 47 кардиологиялық тексеру жүргізіліп, сонымен қатар өзге мамандандырылған тексерулер өткізілді. 16 науқас (бауыр кистасы, стаетогепатоз, артериалық гипертания, өт қабытына тас байлану, сүт безі ауруы т.б.) анықталды. Оның ішінде біреуі дереу ауруханаға жатқызылды. Аталған тұлғаларға мемлекеттік квота ауқымында медициналық көмек беру мәселесі пысықталады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемі және міндетті медициналық сақтандыруға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.