"Алматы-Қапшағай" теміржол қозғалысы тоқтатылды

29 Наурыз 2018, 17:43
0
"Алматы-Қапшағай" теміржол қозғалысы тоқтатылды - © Тengrinews.kz
© Тengrinews.kz

"Алматы-Қапшағай" теміржол бағытында жолаушылар легі төмендеген. Сондықтан Алматы әкімдігі істің экономикалық маңызын ескере келіп аталған бағыттағы теміржол қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Алматы-Қапшағай" автомобиль трассасының пайдалануға берілуіне орай "Алматы-Қапшағай" теміржол бағытында жолаушылар легі төмендеген. 

Әкімдік мәліметінше, 1 сәуірден бастап "Алматы-Ұзынағаш" электричкасы екі реттен жиі жүретін болады.

"Алтын Орда" базары маңындағы авотомобиль жолдарын қайта жасау жұмыстарының басталуына және жолдың осы бөлігінде көлік кептелісінің көп белең алуына, сонымен қатар жолаушы легінің артуына орай "Алматы-Ұзынағаш" теміржол бағытындағы қозғалыстарды күніне 2-ден 4 рейске дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

Еске салайық, Алматы қаласының әкімдігі 2017 жылы "Алматы-Қапшағай" және "Алматы-Ұзынағаш" теміржол бағыттарын ашқан еді. Аталған бағыттарды субсидиялау нәтижесінде жол ақысы 80 теңге болды әрі бұл шара жолаушыларды көлікпен заңсыз тасымалдаумен айналысатындардың жолын кесті. Бұлардан өзге, бағыт вагондарына "Оңай" терминалдары орнатылған, бұл жолаушыларға кассаға бармай-ақ жолақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай